ЖОБА
Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27қарашадағы «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №261 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5263 болып тіркелген) № 261 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының
төрағасы Б. Турахметов