ЖОБА
Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №139 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6222 болып тіркелген)№139 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының
төрағасы Б. Турахметов