
Мәслихат бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін, заңдарды іс жүзіне асыруға жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде функцияларды жүзеге асыру үшін өз өкілеттігінің мерзіміне тұрақты комиссияларды құрады. Мәслихат тұрақты комиссиялардың мүшелерін депутаттар қатарынан ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы дауысқа жеке-жеке қойылады. Олардың сандық және дербес құрамын мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша мәслихат айқындайды.
Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.
Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен өкілеттіктері Заңда және Регламентте айқындалады.