Меню

Страницы

Статья

"Құрметті азаматы» атағын беру туралы

Атақ:

1) жоғары мемлекеттік наградалары бар кәсіби міндеттемелерін немесе азаматтық парызын орындауда жеке ерлік көрсеткендерге;

2) өзінің еңбек ету кезеңінде облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарға, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін;

3) облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгендігі үшін;

4) ғылым, әдебиет, өнер салаларына, басқа да шығармашылық қызметіне, мәдениет пен спортты дамытуға, білім, денсаулық сақтау сапасын көтеруге ерекше үлес қосқандарға;

5) облыста (қалада, ауданда) тұрып жатқан халықтардың арасында ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, ынтымақтастықты нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін;

6) заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткендігі үшін;

7) азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғаудағы, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Ақмола облысының (қаланың, ауданның) елдегі беделін көтерудегі белсенді жұмысы үшін азаматтарға беріледі.

  1. Атақ мемлекеттік қызметте өзін көрсете білген мемлекеттік және саяси қызметшілерге, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал еткен азаматтарға ерекше құрмет ретінде берілуі мүмкін.
  2. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.
  3. Атақ:

1) атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған адамдарға;

2) сотпен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдарға;

3) атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік жазасы өтелмеген немесе алынбаған адамдарға берілмейді.

Атақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихатпен, жылына бір рет беріледі.

Мәслихат атақ беру жөнінде шешім қабылдайды. Мәслихаттың атақ беру туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Дата публикации
10 октября 2024
Дата обновления
10 октября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 октября 2024
"Құрметті азаматы» атағын беру туралы
Ақпарат
04 апреля 2024
Қоғамдық қеңес
Ақпарат
07 февраля 2024
Ақкөл аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымы Депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі  

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы