Мәслихат тарихы

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына

 

 

Ақкөл аудандық мәслихаты–халық сайлайтын және оның еркін білдіретін, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.

2024 жылы Қазақстан Республикасында жергілікті өкілді органдар ретінде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды.

1993 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.

1994 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға алғашқы сайлау өтті. Бұл күн мәслихаттардың «туған күні» болып саналады және ел өмірінде тарихи маңызы бар. Жаңа Конституцияның қабылдануымен 1995 жылғы 30 тамызда мәслихаттар қайта аталды, тиісінше ауданның өкілді органы Ақкөл аудандық мәслихаты деп аталды.

1994 жылғы 4 наурызда республиканың өкілді органдарына сайлау өтті және 28 наурызда аудандық мәслихаттың бірінші шақырылымының 1-ші сессиясы шақырылды. Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында хатшы болып Серік НұрсейітұлыТынбаев сайланды.

Елде жаңа экономикаға көшу өтіп жатты және осы кезеңде жаңадан құрылған өкілді және атқарушы билік органдары өзара қарым-қатынастарын ауданның нақты міндеттеріне сүйене отырып құрды. 1995 жылы С.Н. Тынбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты аудандық мәслихаттың хатшысы болып Владимир Алексеевич Семенов сайланды. 1998 жылы В.А. Семенов аудандық мәслихаты екінші шақырылымының хатшысы болып сайланды да, 1999 жылы Ақкөл қаласының әкімі болып тағайындалды. 1999 жылы аудандық мәслихаттың хатшысы болып Юрий Иванович Ужакин сайланды, ол үшінші және төртінші шақырылымдарға қайта сайланды. 2012 жылғы 23 қаңтардан бастап келесі төрт шақырылымның хатшысы/төрағасы болып Салыбекова ЖұлдызайТаубайқызы сайланады. Ж.Т.Салыбекованың еңбексіңірген демалысына кетуіне байланысты 2024 жылғы 12 сәуірде сегізінші шақырылымның төрағасы болып Абаханов Сағындық Шәкірұлы сайланды.

1994 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде сегіз шақырылым шақырылды:

бірінші шақырылым: 1994 жылғы сәуір–1999 жылғы қазан;

екінші шақырылым: 1999 жылғы қазан–2003жылғы қазан;

үшінші шақырылым: 2003 жылғы қазан–2007жылғы тамыз;

төртінші шақырылым: 2007 жылғы тамыз–2012 жылғы қаңтар;

бесінші шақырылым: 2012 жылғы қаңтар–2016 жылғы наурыз;

алтыншы шақырылым: 2016 жылғы наурыз–2021жылғы қаңтар;

жетінші шақырылым: 2021 жылғы қаңтар–2023жылғы қаңтар;

сегізінші шақырылым: 2023 жылғы наурыз–қазіргі уақытқа дейін.

Жергілікті өкілді билік органдары азаматтарға барынша қолжетімді және олардың проблемаларын шешетін мемлекеттік басқарудың маңызды буыны рөлін атқарады. Мәслихаттар елдегі демократиялық өзгерістерді іске асыру үшін іргетастың қалыптасуына ықпал етеді.

Депутаттық корпус әртүрлі жастағы, кәсіптердегі өкілдерден құралған, өз сайлаушыларының мүдделерін білдіреді және әкімдікпен бірлесіп әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси міндеттерді іске асырады.

Қазіргі уақытта ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты барлық маңызды мәселелер мәслихат арқылы өтуде. Мәслихат сессияларында ауданды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары бекітіледі, мемлекеттік мекемелер басшыларының есептері тыңдалады.

Мәслихаттар жұмысының тәжірибесіне тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізу дәстүрге айналып келеді. Шұғыл шараларды талап ететін аса өзекті мәселелерді талқылау үшін мәслихат сессиясында, комиссия отырыстарында мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мүдделі тұлғалар шақырылады.

Жергілікті бюджеттің атқарылуын, бюджет қаражатының шығыстарын бөлуді бақылауда мәслихаттардың рөлі күшейе түсті.

Депутаттар ай сайын мәслихат сайтында орналастырылған бекітілген кестеге сәйкес өзокругінің сайлаушыларымен кездесулер өткізеді.

Аудандық мәслихат жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ халықты мәслихат алдында тұрған қызмет, стратегиялық міндеттер туралы хабардар ету мақсатында сайт жұмыс істейді, Facebook, Instagram парақшасы құрылған.

 

 

                                                                Ақкөл аудандық мәслихаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 октября 2024