GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
06 октября 2026
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жүрек»

2026 жылдың 2 қазан күні Амангелді ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жүрек» тақырыбында дебаттық турнир ұйымдастырылды. Танымдық әрі мазмұнды шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп қағидаттарын кеңінен насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қатысты ой-пікір алмасу және шешендік өнер мен пікірталас мәдениетін дамыту.

Пікірталасқа әрқайсысы үш спикерден құралған екі команда қатысып, өзара тартысты бәсекеге түсті. Дебат барысында қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың пікіріне сындарлы жауап беріп, мәселенің түрлі қырларын талқылады.
Дебаттың негізгі тақырыбы: «Сіздің ойыңызша, қызметтік әдеп нормаларын бұзу ықтимал сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының алғашқы белгісі болып саналады ма, әлде оны тек тәртіптік теріс қылық ретінде қарастырған жөн бе?»
Бұл тақырып мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі, жауапкершілігі және қоғам алдындағы міндеті тұрғысынан өзекті мәселелерді қамтыды. Қатысушылар қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына, мемлекеттік қызметтің беделі мен азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне әсер ететін факторларға тоқталып, өз көзқарастарын жан-жақты жеткізді.
Пікірталас барысында екі команда да белсенділік танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Спикерлердің сөз саптауы, дәлел келтіру шеберлігі, қарсы тараптың уәжіне жауап беруі мен командалық жұмысы көрермендердің де қызығушылығын арттырды.
Нәтижесінде жақтаушы тарап жеңіске жетті.
Турнир соңында үздік қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. «Үздік спикер» номинациясы бойынша Амангелді аудандық мәслихатының депутаты Жанат Хайроллаұлы марапатталса, «Үздік пікірталас мәдениеті үшін» номинациясы Амангелді ауданы әкімі аппаратының қызметшісі Ботагөз Досқалиқызына табысталды.
Дебаттық турнир қатысушылар үшін тек жарыс алаңы ғана емес, сонымен қатар кәсіби көзқарасты қалыптастырып, маңызды мәселелерді талқылауға, өз ойын ашық әрі дәлелді жеткізуге мүмкіндік берген тағылымды кездесу болды.
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жүрек» ұғымдарын арқау еткен пікірталас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен азаматтық жауапкершілігін ұштастыра отырып, ойлы әрі мазмұнды өтті. Қатысушылардың белсенділігі мен пікірталасқа деген қызығушылығы мұндай іс-шаралардың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Жалпы, тартысты да тартымды өткен дебаттық турнир қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызметтік әдеп пен адалдық құндылықтарын тереңірек түсінуге, өзара тәжірибе алмасуға және шешендік қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді.

Сайлау
28 сентября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19 бабы 6 тармағына сәйкес Амангелді ауданының округтік сайлау комиссиясының мүшесі өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы босаған сайлау комиссиясларының орнына 2026 жылдың 28 қыркүйегінен 12 қазанға дейін саяси партиялардан округтік сайлау комиссиясының мүшелігіне өз кандидаттарының ұсыныстарын қабылдайды.

  1. № 6 Округтік сайлау комиссиясы – 1 орын.

Саяси партиялар мен басқада қоғамдық ұйымдардың жұмыс тобына тапсыратын құжаттары:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi?lang=kk).

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 12 қазанға дейін. Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-18.30-ға дейін жүргізіледі. Үзіліс сағат 13.00-14.30-ға дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: Амангелді селосы, Б.Майлин көшесі, 14 үй. Байланыс телефондары : 21-5-31, 22-0-15.

Мәслихат сессиясы
10 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы өтті

2026 жылғы 7 қыркүйекте Амангелді аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Қанат Уәшұлы Кеделбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, кәсіпорын, ұйым және мекеме жетекшілері, ауыл әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібіндегі басты мәселе – аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі болды.

Аудан әкімі Қанат Уәшұлы Кеделбаев өз баяндамасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге кеңінен тоқталды.

Есеп барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды жақсарту, жолдарды жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы жұмыстар туралы нақты мәліметтер ұсынылды.

Сонымен қатар аудан басшысы алдағы кезеңде жүзеге асырылатын міндеттерге тоқталып, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін атап өтті.

Сессия барысында ауданның 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетіне, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Бюджеттік өзгерістер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті бағыттарды қаржыландыруға және қаражатты тиімді пайдалануға бағытталды.

Бұдан бөлек, кейбір учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау, аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою және мәслихат аппараты туралы ережеге өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Аудандық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында қабылданған шешімдер ауданның алдағы дамуына, тұрғындардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін шешуге, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Тұрақты комиссия
10 сентября 2026
Тұрақты комиссия отырысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

2026 жылғы 4 қыркүйекте Амангелді аудандық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес «Амангелді селосында жергілікті полиция қызметінің қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен алға қойған міндеттері туралы» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Амангелді ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны А.Е. Ещанов баяндама жасап, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың деңгейін төмендету, тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Тұрақты комиссия отырысына комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық бөлімдердің басшылары, Амангелді ауылдық округінің әкімі және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында депутаттар мен комиссия мүшелері баяндама бойынша бірқатар сұрақтар қойып, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, түнгі рейдтердің тиімділігі, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы, жол белгілерін жаңарту және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Атап айтқанда, депутат Жанат Хайроллаұлы Сыздықов ауылдық жерлерде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің, оның ішінде мектеп оқушыларының мотоциклдер мен мопедтерді басқару жағдайлары жиі кездесетінін айтып, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту, ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Депутат Мерей Дүйсенбекұлы Қалибеков ауылдық округтердегі жол белгілерінің талапқа сай орнатылуы, олардың жеткіліктілігі мен дұрыс орналастырылуы мәселесін көтеріп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгілерін түгендеп, қажетті жерлерге жаңадан орнату жұмыстарын жандандыруды ұсынды.

Өз кезегінде аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов аудан орталығында кезең-кезеңімен орнатылып жатқан бейнебақылау камераларының тиімділігіне, олардың қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы маңызына тоқталды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолақтарының талапқа сай болуы, әсіресе білім беру ұйымдарының маңындағы қауіпсіздікті күшейту мәселесіне назар аударып, кәмелетке толмағандардың, оның ішінде мектеп оқушыларының түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.

Тұрақты комиссия мүшелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының ғана емес, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және тұрғындардың бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын одан әрі жетілдіру, профилактикалық іс-шараларды күшейту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты талқылаудың қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдап, аудандық полиция бөліміне бірқатар ұсынымдар берді.

Аудандық мәслихат қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді тұрақты бақылауда ұстап, алдағы уақытта да тұрақты комиссия отырыстарында қарауды жалғастырады.

Сайлау
04 сентября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы бос орынға байланысты аумақтық сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды саяси партиялардан 2026 жылғы 4 қыркүйек пен 18 қыркүйек аралығында қабылдайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобына ұсынатын құжаттары:

  1. Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;
  2. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
  3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары мен кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштер мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр басылуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушының тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 18 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты:

  • Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мәслихаттың мекенжайы:
Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14-үй.

Байланыс телефондары:
21-5-31, 22-0-15.

Сайлау
31 июля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді аудандық учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы бос орынға байланысты учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды саяси партиялардан 2026 жылғы 31 шілде мен 14 тамыз аралығында қабылдайды.

№ 242 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобына ұсынатын құжаттары:

  1. Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;
  2. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
  3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары мен кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштер мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр басылуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушының тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 14 тамызға дейін жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты:

  • Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мәслихаттың мекенжайы:
Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14-үй.

Байланыс телефондары:
21-5-31, 22-0-50.

Сайлау
27 июля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді аудандық учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы бос орындарға байланысты учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды саяси партиялардан 2026 жылғы 27 шілде мен 10 тамыз аралығында қабылдайды.

№ 222 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобына ұсынатын құжаттары:

  1. Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;
  2. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
  3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары мен кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштер мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр басылуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушының тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 10 тамызға дейін жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты:

  • Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мәслихаттың мекенжайы:
Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14-үй.

Байланыс телефондары:
21-5-31, 22-0-50.

Сайлау комиссиялары
20 июля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді аудандық учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы бос орындарға байланысты учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды саяси партиялардан 2026 жылғы 20 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылдайды.

№ 232 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобына ұсынатын құжаттары:

  1. Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;
  2. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
  3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары мен кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштер мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр басылуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушының тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 3 тамызға дейін жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты:

  • Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мәслихаттың мекенжайы:
Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14-үй.

Байланыс телефондары:
21-5-31, 22-0-50.

Сайлау комиссиялары
09 июня 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы бос орындарға байланысты учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды саяси партиялардан 2026 жылғы 9 маусым мен 23 маусым аралығында қабылдайды.

№ 214 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

№ 228 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобына ұсынатын құжаттары:

  1. Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;
  2. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
  3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары мен кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштер мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр басылуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушының тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 23 маусымға дейін жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты:

  • Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мәслихаттың мекенжайы:
Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14-үй.

Байланыс телефондары:
21-5-31, 22-0-50.

Депутаттар
29 апреля 2026
№10 округ бойынша аудандық мәслихат депутаты сайлаушылармен кездесті

Амангелді ауданында №10 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты Жанат Хайроллаұлы Сыздықов тұрғындармен кездесу өткізіп, елді мекеннің өзекті мәселелерін талқылады. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескеру арқылы өңірдің дамуына серпін беру.

Жиын барысында тұрғындар ауылдың әлеуметтік жағдайына қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауыз су сапасын жақсарту, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, жастарды қолдау, мәдени-спорттық нысандарды дамыту жайы да талқыланды.

Кездесу барысында Жанат Хайроллаұлы әрбір айтылған ұсыныс пен мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ол халықпен кері байланысты күшейту – депутаттық қызметтің басты бағытының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізілетінін айтты.

Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай кездесулер жергілікті билік пен халық арасындағы өзара түсіністікті арттырып, нақты мәселелерді шешуге жол ашады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы