Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Амангелді аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9465 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.».
Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|
Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы |
|
К. Кеделбаев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 24.06.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 10233-10 болып енгізілді
Результаты согласования
Амангельдинского районного маслихата - Руководитель организационного отдела Еркебулан Ахмедиевич Молдахметов, 17.06.2024 11:56:36, положительный результат проверки ЭЦП
Амангельдинского районного маслихата - Председатель районного маслихата Канат Уашович Кеделбаев, 17.06.2024 11:59:48, положительный результат проверки ЭЦП