Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №64 «Амангелді ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Амангелді ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №64 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Амангелді ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 170 390,0 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 819 927,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 46 758,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 100,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 3 303 605,0 мың теңге;

2) шығындар – 4 078 808,9 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 50 826,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер –  71 994,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 21 168,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 107 823,4 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 107 823,4 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 67 068,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

67 068,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Амангелді аудандық

мәслихатының төрағасы                                         Қ.Кеделбаев

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

«Амангелді ауданы әкімдігінің

экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің басшысы

 

______________________М.С.Сакетов

«19» сәуір 2024 жыл

Дата публикации
30 октября 2024