Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №64 «Амангелді ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Амангелді аудандық мәслихатының «Амангелді ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №64 шешіміне, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №190987 болып тіркелген, мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Амангелді ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 050 511,9 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 819 927,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 46 758,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 100,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 3 183 723,3 мың теңге;

2) шығындар – 4 014 254,2 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 50 826,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер –  71 994,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 21 168,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 52 500,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 52 500,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 67 068,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

67 068,3 мың теңге.»:

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Амангелді аудандық

мәслихаты төрағасының                                        

уақытша міндетін атқарушы                                  Н. Алмагамбетов 

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

«Амангелді ауданы әкімдігінің

экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің басшысы

 

______________________ М.С.Сакетов

«28» ақпан 2024 жыл

Дата публикации
01 марта 2024