Білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2020 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

Сіздердің назарларыңызға  аудандық мәслихат жанындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының үстіміздегі жылы атқарған жұмысы туралы есебі ұсынылады.

Комиссия өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген  жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізді. 2020 жылы комиссия отырыстарында халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, білім, денсаулық сақтау мәселелері бойынша, оны жүзеге асыру үшін көптеген маңызды ұсыныстар енгізілді.

 Комиссия мүшелері отырыс өткізер алдында  тиісті мекемелер мен ауылдық округті аралап, қаралатын мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты.

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес І тоқсанда «Амангелді ауданында тіл саясатын іске асыру барысында атқарылған іс-шаралар туралы» мәселе қаралды. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу үшін «Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімнің  тілдерді оқыту орталығы» жұмыс жасап келеді.

2019 жылы латын қарпін насихаттау мақсатында  жекелеген мекеме атаулары, сауда орталықтары атаулары латын қарпімен жазылды.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысумен «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында өткен диагностикалық тестілеуге аудан бойынша 100 адам қатынасты.

Тілдерді  оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудан көлемінде түрлі іс-шаралар көптеп өткізіліп тұрады.

Деседе, атқарылар іс-шаралардың барлығы қаражатқа байланысты болғандықтан мемлекеттік тілдің болашағы бұлыңғыр болмас үшін тиісінше қаражаттар қаралса деген ұсынысымыз бар.

 ІІ тоқсанда  «Қарасу ауылдық округінде  әлеуметтік салаларды дамыту барысында атқарылған жұмыстар туралы» ауыл әкімі Ғ. Т. Қоржынбаевтың есебі тыңдалды. Депутаттар корпусы аталған мәселе бойынша округті аралып, халықтың тыныс-тіршілігімен кеңінен танысып қайтты. Округте аз қамтамаыз етілген кейбір отбасылар шаруа қожалықтары мен ауылдың қалталы азаматтарының қамқорлығына берілген. Олардың уақытылы қамтамасыз етілуі басты назарда ұсталады.

 Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жасөспірімдер  қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар ауыл әкімшілігі  мектеп әкімшілігімен бірлесіп кешкі жүріс-тұрыстарын бақылауға алған.

Қазіргі таңда жасөспірім балалар әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылары екені бәрімізге мәлім. Осы әлеуметтік желілерде қоғамның тұтастығына қайшы келетін мәліметтерден және түрлі суицидтік іс-әрекеттерге итермелейтін сайттардан аулақ болуы мақсатында аудандық білім бөлімімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын таба береді.

Халыққа қызмет көрсету саласы бойынша ауыл тұрғындарына 4 дүкен, бір наубайхана үздіксіз қызмет көрсетуде. Тігін және шаштараз қызметі шектеулерге байланысты уақытша қызметін тоқтатып тұр.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы спорттық жарыстар карантиндік шараларға байланысты онлайн өтуде.

Халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан балабақша, техника жөндеу орталығының қажеттілігі, мектептің талапқа сай жөнделуі, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысын жолға қою, мәдениет үйінің көрермен залын күрделі жөндеуден өткізу және от жағатын жерді сыртқа шығару секілді ұсыныстар түсті.   

ІІІ  тоқсанда  «Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы» аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұрат Сембайұлы Диханбаев депутаттар алдында өз есебін берді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру ел дамуының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

 Аудандық білім беру бөлімі осы бағытта оқу-тәрбие жүйесі бойынша атқарылатын іс-шараларды Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасының Рәміздері, Тәуелсіздік, Тілдер күні мерекелеріне орай білім ұйымдарында тақырыптық апталықтар, ашық тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, салтанатты жиындар, флеш-моптар өткізіледі.

Жеткіншек ұрпақты тәрбилеуде өз халқының рухани қазынасы мен оның ұлттық тәрбиесін сіңіру бірінші орынға қойылған. Осы мақсатта Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі бойынша 2019 жылдың 2 желтоқсанынан бастап жалпы білім беретін бастауыш, , негізгі және орта мектептердің 1-11 сыныптары аралығында «Салт дәстүр- ұлттық құндылығымыз» тақырыбында қосымша сабақтар жүргізілуде. Қазақ тұрмысында жас ұрпақты қоғамға, отбасына бейімдеп,адамгершілікке, ержүректілікке, имандылыққа тәрбиелейтін ұлттық тәрбие тетіктері жеткілікті. Ұлттық құндылықтарымыздан сусындап өскен ұрпақтың бойында патриоттық сана, текті қасиет қалыптасатын болады.

Жоспар бойынша IV тоқсанда депутаттар «Амангелді аудандық Қ. Әбенов атындағы Мәдениет үйінің ұлттық салт-дәстүрді насихаттау барысында атқарып жатқан жұмыстары туралы» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сағынғали Зәкірұлының  есепті баяндамасын тыңдап, талқылады.

Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану,оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бізді осы күнге жеткізді.

Ұлт жойылып кетпеуі үшін оның салт – дәстүрі, тілі мен мәдениеті сақталу қажет.

Осы мақсатта аудандық Мәдениет үйі елдегі орын алып отырған жағдайға байланысты онлайн режимінде көптеген іс-шаралар өткізуде.

Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай рухани мұрасы, салт-дәстүрі арқылы жастарымыздың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу бәріміздің ортақ міндетіміз деп білемін.              

Комиссия отырыстары барысында түскен ұсыныстар електен өткізіліп,  қаулы қабылданып  тиісті орындарға жіберілді. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта атқарушы билік органдары тарапынан қолдауға ие болып, оң шешілетініне депутаттар сенім білдіреді.

Аудандық мәслихат жанындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы биылғы жылғы өз жұмысын аяқтады.

Ауданның өкілетті органы халық пен атқарушы биліктің арасын жалғап тұрар алтын көпір.Алдағы уақыттада  депутаттар халықтың үмітін ақтап, мұң-мұқтажын жеткізіп, халықтың талап-тілектерінің орындалуына барынша күш жұмсайтын болады.

Дата публикации
30 января 2024