«Амангелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №421 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2021 жылғы ақпанда жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне түсімдер 3 451 735,5 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 389 590,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 18 237,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 000,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 3 039 908,5 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 14 443,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 43 755,0 мың теңге;
Түсімдер бөлігі бойынша өзгерістер күтілмейді.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр: 2020 жылдың қортындысы бойынша қалыптасқан бос бюджеттік қаражат 26 824,2 мың теңгені бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шығыстарына бағыттау жоспарланып отыр
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 24-пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 1 800,0 мың теңге сомасында шығыстарды бағыттау жоспарлануда.
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. Спорт кешенінің құрылысына қажетті жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 1 951,9 мың теңге сомасында шығыстарды бағыттау жоспарлануда.
- Көлiк және коммуникация. Амангелді-Үрпек бағытындағы автокөлік жолын орташа жөндеуге 26 824,2 мың теңге сомасында шығыстарды бағыттау жоспарлануда. Үштоғай ауылдық округінің Степняк ауылы автокөлік жолының техникалық сараптамасын жүргізуге 700,0 мың теңге сомасында шығыстарды бағыттау жоспарлануда.