Қостанай облысы Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 72 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

           Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қостанай облысы Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы  12 сәуірдегі № 72 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10202-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

          6 - тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

       «11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмағанда, бір мезгілде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алтынсарин аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              С. Мусапирова

Дата публикации
27 января 2026