|
«Алтынсарин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 70-тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 «Алтынсарин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары» осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова