«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 19 мамырдағы № 22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 19 мамырдағы № 22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

           

Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.   «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 19 мамырдағы № 22 шешіміне мынадай өзгерістер  енгізілсін:

преамбула жаңа  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген) 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

- көрсетілген шешіммен бекітілген «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Алтынсарин аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                       С. Мусапирова

 

«Алтынсарин аудандық мәслихатының   

 аппараты» мемлекеттік мекемесінің         (ММ) бас   маманы   

_____________  Қ. Жылқышенов

 

«Алтынсарин аудандық мәслихатының    аппараты» (ММ) бас   маманы

 _____________  А. Құлмағанбетова

Дата публикации
29 октября 2025