Округтік сайлау комиссиясында бар бос орын туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Округтік сайлау комиссиясында бар бос орын туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабына және «Участкелік сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы», «Округтік сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы» Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы                            3 қыркүйектегі № 10 қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты                     округтік сайлау комиссиясының құрамында бос орын барын хабарлайды.

Бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі төменде жарияланған.

Сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар саны 9 (тоғыз).

Құрылған сайлау комиссияларына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары 2025 жылғы 5 қыркүйектен            19 қыркүйек (қоса алғанда) аралығында қабылданады.

Көрсетілген кезеңде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер (1 қосымша).

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (2 қосымша).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатура туралы ақпарат нысандары, өтініш мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru ).

Сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар аудандық мәслихаттың аппаратында 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылданады.

 

Алтынсарин аудандық мәслихаты

 

Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Алтынсарин ауданы, Ленин көшесі, 4, аудан әкімдігінің ғимараты.

 

Құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Сартова Жанна Мейрамқызы 8 (714) 45 34257, электрондық пошта мекенжайы  altynsarmas@mail.ru .

 

Құрамына өзгерістер енгізілетін Алтынсарин аудандық участкелік сайлау комиссиясының

ТІЗІМІ

№ п/п

Участок 

номері

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

 

Вакансиялар саны

 

Участкелік сайлау комиссиялары – 9

1.

178

 Большая Чураковка ауылы, Советская көш. 16, ауыл әкімі аппаратының ғимараты;

1

2.

180

 Осиповка ауылы, Краснопартизанская көш.,14  мектеп ғимараты;

1

3.

184

Зуевка  ауылы, Школьная көш. 10, мектеп ғимараты;

1

4.

189

Свердловка ауылы, Целинная көшесі, мектеп ғимараты;

1

5.

202

 Приозерное ауылы, Школьная көш. 15, мектеп ғимараты;

1

6

206

Щербаков ауылы, санаторий «Сосновый бор» ғимараты;

2

7

207

Басбек ауылы, І.Омаров атынд.көш. 7, мектеп ғимараты;

2

 

Құрамына өзгерістер енгізілетін Алтынсарин аудандық округтік сайлау комиссиясының

ТІЗІМІ

№ п/п

Участок 

номері

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

 

Вакансиялар саны

Округтік сайлау комиссиялары -   1

1.

1

Танабай ауылы, Урожайная көш. 3, мектеп ғимараты;

1

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 сентября 2025