Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі
Аудан әкімі А.М.Сартовтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебін тыңдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес және Алтынсарин аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының негізінде Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алтынсарин ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі бекітілсін.
Аудан әкімі мен аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік сала мен экономикалық қатынастарды дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық-саяси өмірдегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан тиісті жұмыстар атап өтілсін.
- Аудан әкімі А.М.Сартовқа, өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асырудың жаңа нысандары мен әдістерін іздеуді жалғастыру ұсынылсын. Мемлекеттік органдардың тиімді және мақсатты жұмысын бақылау жөніндегі іс-шараларды белсенді және жүйелі түрде жүзеге асыру, олардың басшыларының түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігін арттыру.
- Ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдеріне, «Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жоспарланған барлық құрылыс-жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау ұсынылсын.
- Ауыл және ауылдық округ әкімдеріне бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражатының уақтылы игерілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
- Аудандық «Таза бұлақ Чистый родник» газетінің редакциясына мемлекеттік органдардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша атқарып жатқан шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ұсынылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова
|
«Алтынсарин аудандық
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің (ММ)
бас маманы
_____________ Қ. Жылқышенов
|
«Алтынсарин аудандық
мәслихатының аппараты» (ММ)
бас маманы
_____________ А. Құлмағанбетова
|