Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 110 «Алтынсарин ауданының 2025-2027жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Мәслихаттың 2024 жылғы  27 желтоқсандағы № 110 «Алтынсарин ауданының 2025-2027жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 110 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті  тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде  2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 4060817,9 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер бойынша  – 1474226,0 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер  бойынша – 9384,0мың теңге;

         негізгі капиталды  сатудан түсетін  түсімдер бойынша – 4000,0 мың теңге;

          трансферттер түсімі бойынша – 2573207,9  мың теңге;

         2) шығындар – 4099039,0  мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 30056,0 мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттік кредиттер  – 86504,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56448,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

          5) бюджет  тапшылығы (профициті) – - 68277,1 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 68277,1 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1қосымшасы  осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Алтынсарин ауданының мәслихатының төрағасы

 

 

                С. Мусапирова

 

 

 

Дата публикации
24 июня 2025