Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылға арналған жер комиссиясының құрамын бекіту туралы

Алтынсарин ауданы әкімдігінің  2025 жылға арналған жер комиссиясының құрамын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына және 43-1 бабымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 21 Алтынсарин ауданы әкімінің «Алтынсарин ауданының 2025 жылға арналған жер комиссиясының дербес құрамын аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізу туралы» өкіміне сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алтынсарин ауданының әкімдігі ұсынған 2025 жылға арналған Алтынсарин ауданының жер комиссиясының дербес құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Жер учаскелері берілген жағдайда жер комиссиясының құрамына енгізу үшін Алтынсарин ауданының әкімдігі ұсынған Алтынсарин ауданының жер комиссиясы мүшелерінің тізімі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Алтынсарин аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              С. Мусапирова

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 мая 2025