Алтынсарин ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

Алтынсарин ауданының 2024 жылғы  бюджетінің

атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

                             

Аудандық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – «Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (ММ) есебін және «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мүшесі Ш.Ж. Қосабаевтың «Алтынсарин ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепке қорытынды» есеп - қорытындысын қарап, Алтынсарин аудандық мәслихаты 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша ауданның атқарушы органдарымен тиісті жұмыстар атқарылғанын атап өтеді.

Алтынсарин ауданының 2024 жылғы бюджеті өз кірістері бойынша    111,1 пайызға орындалып, нақтыланған жоспар 1 433,6 млн.теңге, нақты түсімдер 1 593,4 млн.теңгені құрады. Жалпы бюджет ресми трансферттерді есепке алғанда 5 325,6  млн теңгені құрап, жоспарға қосымша 159,4 млн теңге түсті.  Жыл басындағы қаражаттың бос қалдығы - 86 498,5 мың теңге сомасында қалыптасты.

2024 жылы 6 аудандық бюджетті нақтылау және 25 түзету енгізілді.

2024 жылды аудан бюджетіне– 4186825,7 мың теңге кіріс түсті:

салықтар мен алымдар – 1 593427,5 мың теңге;

трансферттер – 5 325 694 мың теңге;

кредиттер түсімі – 108 914,0 мың теңге;

берешекті өтеу – 49 555,0 мың теңге.

Жыл аяғындағы қаражаттың бос қалдығы 174 959,2 мың теңге сомасында қалыптасты.

Шығыстар жоспары 100 пайызға орындалып, жоспар 7 295 882,7 мың теңге, кассалық орындалуы 7 295 168,3 мың теңгені құрады.

2024 жылға жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге бюджет шығыстарының жалпы көлемінде жалақыны, жұмыс берушілердің жарналарын төлеуге шығыстар жасалды, аудандық бюджеттен – 2 080,3 млн.теңге немесе 28,5 пайыз қаражат бөлінді, мәдениет және спортқа 5,4 пайыз, халықты әлеуметтік қорғауға – 181,8 миллион теңге немесе 2,5 пайыз, автомобиль жолдарын пайдалануға – 2229,6 миллион теңге немесе 30,5 пайыз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 2440,3 миллион теңге немесе 33,4 пайыз, бюджеттік кредиттер 108 миллион 914 мың теңге, 3 мың теңгеге толық пайдаланылмаған аударымдарды қайтару жүргізілді.

Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Алтынсарин ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есеп бекітілсін.
  2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынылсын:

1) Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген бақылау іс-шаралары кезінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау;

2) бюджетті нақтылау және түзету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын бұза отырып пайдаланылуына жол бермеу және алдағы кезеңдерге артық жоспарлауды болдырмау үшін бюджет қаражатының пайдаланылуын тұрақты бақылау;

4) дебиторлық және кредиторлық берешекті өтеу және алдын алу бойынша жұмысты күшейту.

  1. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ:

1) бюджеттi қалыптастыру кезiнде есептiлiктер мен өзге де ақпараттардың негiзгi және дұрыс көрсетiлуi үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне бақылауды күшейту;

2) Алтынсарин ауданының 2025 жылғы бюджетін атқару кезінде Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдары ескерілсін.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

 

 

Алтынсарин аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               С. Мусапирова

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                         

 

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің

экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің (ММ)

басшысы         

____________  Е. Павлюк

2025 жылғы 24 сәуір

 

«Алтынсарин                     аудандық

мәслихатының      аппараты»    ММ

бас   маманы

 

_____________  Қ. Жылқышенов

 

«Алтынсарин                       аудандық

мәслихатының       аппараты»     ММ

бас   маманы

 

_____________  А. Құлмағанбетова

Дата публикации
16 мая 2025