Мәслихаттың 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мәслихаттың 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10262-10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «6. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттікке байланысты) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына жүгінеді.

         «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген».

  1. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы

 

С. Мусапирова

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 06.03.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 10398-10 болып енгізілді

 

Дата публикации
14 мая 2025