|
Алтынсарин аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі
|
Аудандық мәслихаттың төрағасы С.С.Мусапированың баяндамасын қарап, аудандық мәслихат, аудандық мәслихаттың жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтеді. Алтынсарин аудандық мәслихаты депутаттарының саны – 3 саяси партиядан 10 депутат: «Аманат» партиясы (7 мандат), «Ақ жол» демократиялық партиясы (1 мандат), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (1 мандат) және «Республика» партиясынан құрайды.
2024 жылы аудандық мәслихаттың 14 сессиясы (4 кезекті және 10 кезектен тыс сессия) өткізілді. Заңнама негізінде Facebook әлеуметтік желісінде сессиялардың онлайн трансляциясы қамтамасыз етілді.
Есепті жыл ішінде барлығы 61 шешім қабылданды, оның ішінде нормативтік-құқықтық сипаттағы 7 шешім.
Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 8 бірлескен отырысы өтіп, 13 мәселе қаралды, 2 көшпелі комиссия өткізілді.
Тұрақты комиссиялардың сессиялары мен отырыстарында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру және басқа да мәселелер бойынша шешімдер талқыланып, қабылданды.
Аудандық мәслихаттың төрағасы мен оның аппараты тұрақты комиссиялардың сессиялары мен отырыстарын дайындау және өткізу бойынша белгілі жұмыстарды жүргізеді. Депутаттар аудандық мәслихат шешімдерінің жобаларымен және ақпараттық-анықтамалық материалдармен уақытылы қамтамасыз етіліп отырады.
Аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарымен және мемлекеттік мекеме басшыларымен
өзара іс-қимыл жасайды. Аудандық мәслихат аппаратының төрағасы мен аппараты аудандық мәслихат депутаттарына ауданның өкілді органы қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
Дегенмен, белгілі бір кемшіліктер мен олқылықтар бар екенін айта кеткен жөн.
Сессиялардың, тұрақты комиссиялардың қарауына мәселелер, депутаттық сауалдар дайындауда барлық депутаттардың белсенділігі жеткілікті емес.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін одан әрі енгізу бойынша жұмысты жалғастыру;
- депутаттардың өз өкілеттіктері мен сайлауалды бағдарламаларын іске асырудағы белсенділігін арттыруға ұдайы ұмтылу;
- депутаттардың сайлаушылармен байланысын нығайтуға және азаматтарды тұрақты қабылдауды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, депутаттық сауалдар бойынша жұмысты жандандыруға.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова
|
«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бас маманы _____________ Қ. Жылқышенов
|
«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» (ММ) бас маманы _____________ А. Құлмағанбетова |