Алтынсарин аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының
№ 3 Хаттамасы
Обаған ауылы 2025 жылғы 19 наурыз
аудан әкімдігінің сағ. 11.00
отырыс залы
Сессияны Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы – Мусапирова Светлана Сагиндыковна ашады және жүргізеді.
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін 2025 жылғы 19 наурызда аудан әкімі Сартов Арнұр Маратұлының ұсынысы бойынша Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту қажеттілігіне байланысты аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақырдым.
Сессия жұмысына 10 депутаттың - 10 қатысып отыр.
Жұмысқа қажетті депуттар саны бар, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынының 11-бабы 3) тамағына сәйкес сессия өз жұмысын бастауға құқылы және ашық деп жарияланады.
Отырыс әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілуде.
Сессия жұмысына қатысып отырғандар:
Құрметті депутаттар!
Бізге сессия жұмысының регламентін анықтап және сессияның күн тәртібін бекіту қажет. Сессиясының күн тәртібіне келесі 2 мәселе енгізілді:
Бірінші мәселе – 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 72 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Екінші мәселе - Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы;
Жұмыстың келесі регламенті ұсынылады:
Басқа ұсыныстар бар ма?
Егер басқа ұсыныстар болмаса, сессия жұмысының ұсынылған регламентін қабылдауға кірісеміз. Дауыс береміз «Қолдағандар» - 10,
«Қарсы» - жоқ, «Қалыс қалды» - жоқ.
Қабылданды – бірауыздан.
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Мәселелерді қарауға көшпес бұрын, барлық қажетті материалдар аудандық мәслихат депутаттарына электронды пошта арқылы жолданғанын айта кеткен жөн.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселені қарауға көшейік:
- 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 72 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Баяндама үшін сөз «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Курпебаев Ербұлан Кенжебекұлына беріледі (баяндама мәтіні сессия хаттамасына қосымша берілді).
Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?
СҰРАҚ: № 3 сайлау округінің депутаты Мусапирова С.С. - ҰОС ардагерлеріне биылғы төлемдер қанша?
ЖАУАП: 2025 жылы 9 мамырда әрбір ҰОС ардагеріне 5 млн.-нан алады.
СҰРАҚ: № 5 сайлау округінің депутаты Бидәулетова Б.О. округімізде қанша ауған, тәжік, семейліктер бар?
ЖАУАП: 2025 жылы ауданымызда 11 ауған, 4 тәжік, 11 семейліктер тұрады.
Сұрақтар болмаса?! (Рахмет, отырыңыз). Сөйлейтін адам бола ма? Жоқ?!
Құрметті депутаттар, егер сөйлеушілер және сұрақ жоқ болса. Бұл шешім жобасын қабылдауды кім қолдайды? Сұрақты дауысқа қоямын. Өтінемін дауыс береміз: «жақтағандар» - 10, «қарсы» - жоқ, «қалыс қалғандар» - жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Екінші мәселені қарастыруға көшейік:
- Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы;
Баяндау үшін сөз «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Алтынсарин ауданының Мансап орталығы» басшысы Ахметова Динара Жандарбекқызына беріледі (баяндама мәтіні сессия хаттамасына қосымша берілді).
Динара Жандарбекқызына сұрақтарыңыз бар ма?
Тағы да сұрақтарыңыз болады ма? Сұрақтар болмаса?! (Рахмет, отырыңыз).
Құрметті депутаттар! Сұрақты дауысқа қоямын. Өтінемін дауыс береміз: «жақтағандар» - 10, «қарсы» - жоқ, «қалыс қалғандар» - жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Депутаттар мен шақырылғандардың сессияның өтуіне қатысты ескертулері бар ма? Егер болмаса, аудандық мәслихаттың сессиясында атқарған жұмыстары үшін барлығына алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өз жұмысын аяқтап, жабық деп жарияланды.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова