Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті тоғызыншы сессиясының
№ 2 Хаттамасы
Обаған ауылы 2025 жылғы 25ақпан
аудан әкімдігінің сағат 16.00
отырыс залы
Сессияны Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы – Мусапирова Светлана Сагиндыковна ашады және жүргізеді.
Құрметті Арнұр Маратұлы!
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Аудандық мәслихаттың 2025 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бүгін, 2025 жылдың 25 ақпанында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті тоғызыншы сессиясы шақырылды.
10 депутаттан 7 депутат қатысып отыр, залда 7 депутат бар.
(Лукас Д.И., Фицнер Д.С., Харченко Д.В. дәлелді себеппен келмеген).
Жұмысқа қажетті депуттар саны бар, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынының 11-бабы 3) тармағына сәйкес сессия өз жұмысын бастауға құқылы және ашық деп жарияланады.
Отырыс әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілуде.
Сессия жұмысына аудан әкімі Сартов Арнұр Маратұлы қатысуда.
Сессияға шақырылғандар:
- аудан әкімінің орынбасарлары;
- аудан әкімдігінің аппарат басшысы
- әкімдіктің мемлекеттік мекеме басшылары;
- ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері;
- шешімдер жобаларын әзірлеушілер;
- аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі;
- бұқаралық ақпарат құралдары.
Құрметті депутаттар!
Бізге сессия жұмысының регламентін анықтап және сессияның күн тәртібін бекіту қажет. Сессиясының күн тәртібіне келесі 7 (жеті) мәселе енгізілді:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Алтынсарин аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі.
Екінші мәселе – Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша;
Үшінші мәселе – Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 110 «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Төртінші мәселе – 2025 жылы Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
Бесінші мәселе – мәслихаттың 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Алтыншы мәселе - Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
Жетінші мәселе – Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті оныншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
Келесі жұмыс ережелері ұсынылады:
- қажет болған жағдайда бірінші мәселе бойынша баяндама жасау уақыты беріледі;
- сөз сөйлеу, сұрау, сұрақтар, арыздар, хабарламалар үшін – 5 минутқа дейін;
Сессия шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынамын.
Басқа ұсыныстар бола ма?
Басқа ұсыныстар болмаған жағдайда, сессияның ұсынылып отырған регламенті қабылданады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселені – Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебін қарауға көшейік, мәслихаттың төрағасы Светлана Сағындыққызы Мүсәпірова, мен сөз сөйлейін;
/С.С. Мүсәпірованың есебі/
Баяндама аяқталды. Баяндамашыға қояр сұрақтарыңыз бар ма?
/Сұрақтар. Жауаптар./
Егер сұрақтар болмаса?! (Рахмет, отырыңыз).
Дауыс береміз: «Қолдағандар» - 7, «Қарсы» - жоқ, «Қалыс қалды» - жоқ.
Шешім бір ауыздан қабылданды.
Күн тәртібіндегі Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша екінші мәселені қарауға көшейік.
Баяндама үшін сөз Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Дильдебаев Жангелді Серікбайұлына беріледі.
Өтінемін, Жангелді Серікбайұлы.
/ Ж.С. Дильдебаевтің баяндамасы./
Баяндама аяқталды. Баяндамашыға қояр сұрақтарыңыз бар ма?
/Сұрақтар. Жауаптар./
Егер сұрақтар болмаса?! (Рахмет, отырыңыз).
Осы шешім жобасын қабылдауды қолдайтындар дауыс берулеріңізді сұраймыз.
Дауыс береміз: «Қолдағандар» - 7, «Қарсы» - жоқ, «Қалыс қалды» - жоқ.
Шешім бір ауыздан қабылданды.
Күн тәртібіндегі үшінші және төртінші мәселені қарауға көшейік:
- мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 110 «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- 2025 жылы Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
Бұған дейін осы мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралып, депутаттар мақұлдаған болатын.
Баяндама үшін сөз аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Евгения Баймановна Павлюкке беріледі.
Өтінемін, Евгения Баймановна.
/ Е.Б. Павлюктің баяндамасы/
Баяндама аяқталды. Баяндамашыға қояр сұрақтарыңыз бар ма?
/Сұрақтар. Жауаптар./
Егер сұрақтар болмаса?! (Рахмет, отырыңыз).
Құрметті депутаттар, егер сөз сөйлейтіндер және сұрақтар болмаса, (басқа жоқ), (жоқ). Мәселені дауысқа қоямын. Осы шешім жобасын қабылдауды қолдайтындар дауыс берулеріңізді сұраймыз.
Дауыс береміз: «Қолдағандар» - 7, «Қарсы» - жоқ, «Қалыс қалды» - жоқ.
Шешім бір ауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» - күн тәртібіндегі бесінші мәселені қарауға көшеміз.
Баяндама үшін сөз ««Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Көрпебаев Ербұлан Кенжебекұлына беріледі.
Өтінемін, Ербұлан Кенжебекұлы.
/ Е.К. Көрпебаевтің баяндамасы./
Баяндама аяқталды. Баяндамашыға қояр сұрақтарыңыз бар ма?
/Сұрақтар. Жауаптар./
Егер сұрақтар болмаса?! (Рахмет, отырыңыз).
Осы шешім жобасын қабылдауды қолдайтындар дауыс берулеріңізді сұраймыз.
Дауысқа саламыз. Бұл шешім жобасын қабылдауды кім қолдайды? Дауыс береміз: «Қолдағандар» -7, «Қарсы» - жоқ, «Қалыс қалды» - жоқ.
Шешім бір ауыздан қабылданды.
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» күн тәртібіндегі алтыншы мәселені қарауға көшеміз.
Залда жобаны әзірлеуші Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы Иманбекова Гүлшат Рүстемқызы отыр.
Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.
Депутаттардың комиссия құрамына қатысты әзірлеушіге сұрақтары болады ма? Болмаса?! Дауыс береміз: «Қолдағандар» - 7, «Қарсы» - жоқ, «Қалыс қалды» - жоқ.
Шешім бір ауыздан қабылданды.
Күн тәртібіндегі – «Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті оныншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» соңғы мәселені қарауға кірісеміз.
Аудандық мәслихаттың 2025 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың екінші тоқсанында өтетін мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының күн тәртібіне келесі негізгі мәселелерді енгізу ұсынылады:
- Алтынсарин ауданының 2024 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы;
- Алтынсарин ауданының 2024 жылға арналған ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы;
- 2024-2025 жылдарға арналған жылу беру маусымының қорытындылары және 2026 жылғы алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы.
Мәслихаттың алдағы оныншы сессиясының күн тәртібіне депутаттардың ескертулері, өзгертулері, толықтырулары бар ма? Болмаса?! Өтінемін дауыс береміз: «Қолдағандар» - 7, «Қарсы» - жоқ, «Қалыс қалды» - жоқ.
Шешім бір ауыздан қабылданды.
Аудан әкімі Сартов Арнұр Маратұлының қорытынды сөзі: Құрметті депутаттар мен жиналғандар, мәслихаттың 2024 жылғы қызметін ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәслихат төрағасының есебін тыңдап, шынымен де біздің көрсетеріміз де және айтарымыз да бар. Атап айтсақ, осы Жарқын ауыл бағдарламасы бойынша балалар ойын алаңдарын орнату, абаттандыру, қоршау, Үлкен Чураковкадағы мәдениет үйін орнату жұмыстарын жүргізген меценаттарымыздан 200 миллион теңге қосымша қаражат тартылып, шығындары меценаттардың қаражатынан қаржыландырылды.
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Депутаттар мен шақырылғандардың сессияның өтуіне қатысты ескертулері бар ма? Егер болмаса, аудандық мәслихаттың сессиясында атқарған жұмыстары үшін барлығына алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті тоғызыншы сессиясы өз жұмысын аяқтап, жабық деп жарияланды.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова