Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясын шақыру туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы 2025 жылғы 24 сәуірде сағат 15.30-да Обаған ауылы, Ленина көшесі 4, аудандық әкімдік ғимаратында (2 қабат, отырыс залы) шақырылады.
Кезекті сессия отырысы әлеуметтік желілерде жүргізіледі.
Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді:
- Алтынсарин ауданының 2024 жылға арналған аудандық бюджетінің және ауыл мен ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы.
- 2024-2025 жылдарға арналған жылу беру маусымының қорытындылары және 2026 жылғы алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы.
Қосымша ақпарат телефоны: 34-2-57
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова