Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

ХАБАРЛАМА

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 19 наурызда сағат 11.00-де  Обаған ауылы, Ленина көшесі 4, ZOOM платформасы арқылы аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияны жүргізетін: Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы Мусапирова Светлана Сагиндыковна.

Кезектен тыс сессия отырысының онлайн-трансляциясы  әлеуметтік желілерде жүргізіледі.

Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді:

  • Мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 72 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

                                                                   

Анықтама телефоны: 34-2-57

 

Алтынсарин аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     С. Мусапирова

 

Дата публикации
13 марта 2025