Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясын шақыру туралы

 

ХАБАРЛАМА

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы 2025  жылғы 25  ақпанда сағат 16.00-де  Обаған ауылы, Ленина көшесі 4, аудандық әкімдік ғимаратында (2 қабат, отырыс залы) шақырылады.

Кезекті сессия отырысы әлеуметтік желілерде жүргізіледі.

                                                

Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді:

- Алтынсарин аудандық мәслихаты төрағасының  2024 жылғы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі;

- кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер.

 

Қосымша ақпарат телефоны: 34-2-57

 

 

Алтынсарин аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           С. Мусапирова

 

Дата публикации
19 февраля 2025