Алтынсарин ауданы Қоғамдық кеңесінің тыңдауының № 1 ХАТТАМАСЫ

Алтынсарин ауданы

Қоғамдық кеңесінің тыңдауының

№ 1  ХАТТАМАСЫ

 

Обаған а.                                                                              2025 жыл 23 қаңтар

Аудан әкімдігінің                                                                                сағат  15.00

 

Төрағалық етті: Касимов Туребек – Қоғамдық кеңестің төрағасы.

Қатысқандар:  Қоғамдық кеңестің мүшелері, шақырылғандар.

Барлығы: 8 адам. Қажетті адам саны бар.

 

 

Күн тәртібі:

 

  1. 2025 жылға арналған Алтынсарин ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  2. Алтынсарин ауданы әкімінің «Алтынсарин ауданының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттер туралы» есебін тыңдауды өткізуге дайындығы туралы.
  3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 49 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын қарау туралы.
  4. Алтынсарин аудандық мәслихатының «Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешім жобасын қарау туралы.

 

Күн тәртібі бірауыздан бекітілді.

 

Бірінші мәселе бойынша Т.Касимов тыңдалды, ол 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасына қатысты ұсыныс енгізді.

 

Екінші мәселе бойынша Т.Касимовтың ақпараты тыңдалды. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 23-бабына сәйкес Алтынсарин ауданы әкімінің Қоғамдық кеңес алдындағы есебін тыңдау 2025 жылғы 14 ақпанда.

 

Үшінші мәселе бойынша Т.Касимовтың ақпараты тыңдалды, ол Алтынсарин ауданының қоғамдық кеңесіне «Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 49 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын қарау үшін келіп түскенін хабарлады.

Қоғамдық кеңес мүшелеріне аталған жобаны Қоғамдық кеңестің отырысында  қарау қажеттілігін талқылауды ұсынды.

(талқылау)

       Төртінші мәселе бойынша Т.Касимовтың ақпараты тыңдалды, ол Алтынсарин ауданының қоғамдық кеңесіне «Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ Алтынсарин аудандық мәслихатының «Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешім жобасын қарау үшін келіп түскенін хабарлады.

Қоғамдық кеңес мүшелеріне аталған жобаны Қоғамдық кеңестің отырысында  қарау қажеттілігін талқылауды ұсынды.

(талқылау)

 

ШЕШТІ:

1.1. 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қабылдансын.

2.1. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 23-бабына сәйкес Алтынсарин ауданы әкімінің Қоғамдық кеңес алдындағы есебін тыңдау 2025 жылғы 14 ақпанда.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасы назарға алынсын.

3.2.Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертулер, ұсыныстар мен өзгерістер жоқ.

4.1. Нормативтік құқықтық актінің жобасы назарға алынсын.

4.2. Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертулер, ұсыныстар мен өзгерістер жоқ.

 

Шешім бірауыздан қабылданды.

 

Қоғамдық кеңес төрағасы:                                                        Т. Касимов

 

Қоғамдық кеңес хатшысы:                                                        Ж.Серикова

 

 

 

 

Дата публикации
27 января 2025