Алтынсарин аудандық мәслихатының
тұрақты комиссияларының 2024 жылғы
жұмыс қорытындысы туралы
Алтынсарин ауданы мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының 2024 жылға арналған жұмысы туралы ауданның бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияларының төрайымы Б.О.Бидәулетованың есебін тыңдап, талқылай келе, яғни жұмыстары 2024 жылы аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес мақсатты түрде жүргізілген деп аудандық мәслихат атқарылған жұмыстарын атап өтті. Комиссия отырыстары белгіленген мерзімде өткізілді, барлық жоспарланған мәселелер қаралды.
Есепті кезеңде бірлескен тұрақты комиссиялар 2024 жылы барлығы 8 отырыс өткізді, оның 1-і сырттай. 13 лауазымды тұлғаның, оның ішінде мемлекеттік мекеме басшыларының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. 2024 жылдың талдау кезеңінде комиссиямен 6 қаулы қабылданып және 6 ұсыныс әзірленіп, оның негізгі бөлігі орындалған болатын.
Есепті кезеңде депутаттардан құралған жұмыс топтары 5 нысанды аралады. Тұрақты комиссиялардың жұмысы аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде белсенді түрде көрсетілуде.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының орындалуына бақылауды күшейту;
- жылдағы жұмыстарды талдау және келесі есепті кезеңге жоспарларын анықтау бойынша қорытынды жиналыстарды өткізуді жалғастыру;
- тұрақты комиссиялардың жұмысына Алтынсарин аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарту;
- халықтың шешім қабылдауға белсендірек қатысуы үшін жаңа әдістер мен тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолдану.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова