№ 1 ХАТТАМА
Обаған а. 2024 жылғы 30 желтоқсан
Әкімдіктің отырыс залы сағат 15.00
Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін
қалыптастыру бойынша жұмыс тобына үміткерлердің отырысы
және Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін
қалыптастыру бойынша құрылған жұмыс
тобының бірінші отырысы
Аудандық мәслихатының төрағасы – Мусапирова С.С. - қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобын ашады және қалыптастыру тәртібін жүзеге асырады.
Шақырылғандар және қатысқандар (телефон арқылы шақырылған):
Жұмыс тобының құрамына үміткерлер:
|
1. |
Бердимуратова Гульжаз Жолдыбековна |
Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы, (өзін-өзі ұсыну тәртібіндегі үміткер)
|
|
2 |
Бидаулетова Ботакоз Онгаровна |
«Алтынсарин ауданының гендерлік қолдау орталығы» ҚБ төрағасы өзін-өзі ұсыну тәртібіндегі үміткер)
|
|
3 |
Бимурзов Ахат Карауылбекович |
«АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары бойынша кандидат – «АМАНАТ» партиясының аудандық филиалынан)
|
|
4 |
Кабиева Гульжанат Жолдыбаевна
|
Алтынсарин ауданының іскер әйелдер клубының мүшесі (өзін-өзі ұсыну тәртібіндегі үміткер)
|
|
5 |
Мусапирова Айнагуль Булатовна |
Жеке кәсіпкер (өзін-өзі ұсыну тәртібіндегі үміткер)
|
Бақылаушы:
|
1 |
Семейхан Карлыгаш |
«Алтынсарин ауданының Мансап орталығы» КММ маманы |
|
|
|
Күн тәртібі:
ТЫҢДАЛДЫ: С.С.Мусапирова – Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу бойынша ашық дауыс беруді өткізу.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: С.С. Мусапирова – Отырысқа қатысушыларды құттықтай отырып, Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру мәселесі бойынша отырысқа қатысуға шақыруға жауап бергендердің барлығына алғысын білдірді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенін, оны орындау үшін 2016 жылдың 5 ақпанында Қостанай облысының алғашқы қоғамдық кеңесі құрылғанын атап өтті. Алтынсарин ауданында Кеңестің үшінші құрамы 2022 жылдың 17 ақпанында құрылды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды және 2025 жылдың ақпан айында аяқталады.
Бүгін біз жұмыс тобының құрамына төртінші рет іріктеу жүргізіп жатырмыз. Ол осы уақыт ішінде Қоғамдық кеңестің қызметін реттейтін заңнаманың айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Қоғамдық кеңестердің өкілеттігі айтарлықтай кеңейіп, мемлекетіміз уақыт өткен сайын азаматтық қоғам алдында есеп беру белсенділігі арта түсті.
Бұдан әрі төмендегілер туралы баяндалды:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестерді жұмыс топтары қалыптастырады, Бүгін бізге ұсынылған кандидаттардан жұмыс тобына іріктеу жүргізу қажет, ол кейіннен аудандық деңгейдегі Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыратын болады.
Заңның талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі қолданыстағы құрамның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады. Осы талаптарға сәйкес 2024 жылғы 17 желтоқсаннан бастап біз Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімдеріне кірістік.
Заңның 9 - бабы негізінде және Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) талаптарына сәйкес мәслихат төрағасы мемлекеттік органның өкілдерін анықтайды, ол жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен және жұмыс тобының сандық құрамынан аспауға тиіс. Үлгілік ереженің 4-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 51 өкімімен жұмыс тобының сандық құрамы 5 адам болып белгіленді, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдері – 1 адам, қоғамдық бірлестіктің өкілдері – 2 адам, азаматтық қоғамнан -2 адам.
Үлгілік ереженің талаптарына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жұмыс тобының сандық құрамы жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылды. Хабарландыруда құжаттарды тапсыру мерзімі және құжаттар жолданатын мекенжайлар көрсетілген.
Көрсетілген мерзімде 2024 жылдың 17-23 желтоқсан аралығында бес үміткер бойынша құжаттар келіп түсті.
Барлық құжаттар тексеріліп, заңнама талаптарына сәйкес келеді. Барлық кандидаттар отырыстың өтетін күні, орны және уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілді. Бүгін кандидаттардың барлығы қатысып отыр.
Барлық кандидаттар ауданымыздағы белгілі адамдар, сондықтан олар ерекше таныстыруды қажет етпейді, әрқайсысының өз қызмет салаларында үлкен тәжірибесі бар, белсенді азаматтық ұстанымға ие, өз ісінің білікті мамандары.
Сондай-ақ, отырысқа Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға байқаушы ретінде қатысу үшін ресми түрде өтініш берген байқаушы шақырылды:
|
1 |
Семейхан Карлыгаш |
«Алтынсарин ауданының Мансап орталығы» КММ маманы |
Сондай-ақ, байқаушы отырысқа дейін кемінде үш күн бұрын алдын ала хабардар етілді.
Қатысушылардың кандидаттарға қоятын сұрақтары бар ма?
Мүмкін, біреудің ұсынылған кандидатуралар бойынша сұрақтары немесе ұсыныстары бар шығар? Кандидаттардың бірі дауыс беру алдында сөз сөйлегісі келе ме? Егер сұрақтар болмаса, бүгін жиналған негізгі мәселеге көшейік.
Бүгінгі отырыста заңнама талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелігіне әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізу қажет.
Кандидаттар бойынша ашық дауыс беруге кіріспес бұрын мәслихат аппаратының қызметкері Гүлжаз Жолдыбекқызы Бердімұратоваға әрбір кандидат бойынша дауыстардың нақты есебін жүргізуді тапсырамын.
Дауыс беру рәсімі жүргізілді.
Бірінші кандидат – Бердимуратова Гүлжаз Жолдыбекқызы. Бірауыздан.
Екінші кандидат – Бидаулетова Ботакоз Оңғарқызы. Бірауыздан.
Үшінші үміткер – Бимурзов Ахат Қарауылбекұлы. Бірауыздан.
Төртінші үміткер – Қабиева Гүлжанат Жолдыбайқызы. Бірауыздан.
Бесінші кандидат – Мусапирова Айнагүл Болатқызы. Бірауыздан.
ШЕШТІ: Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы мынадай құрамда қалыптастырылсын:
|
1 |
Бердимуратова Гүлжаз Жолдыбекқызы |
|
2 |
Бидаулетова Ботакоз Оңғарқызы |
|
3 |
Бимурзов Ахат Қарауылбекұлы |
|
4 |
Қабиева Гүлжанат Жолдыбайқызы |
|
5 |
Мусапирова Айнагүл Болатқызы |
(Бірауыздан)
ТЫҢДАЛДЫ: Жұмыс тобының басшысын сайлау туралы.
Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы, жұмыс тобының төрағалығына «Алтынсарин ауданының гендерлік қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бидаулетова Ботакоз Оңғарқызын сайлауды ұсынды. Қатысушылар бірауыздан жақтап дауыс берді.
Жұмыс тобы ШЕШТІ: Бидаулетова Б.О. жұмыс тобының басшысы болып бірауыздан сайланды.
Жұмыс тобының алғашқы отырысын Бидаулетова Б.О. жүргізеді.
ТЫҢДАЛДЫ:
Б.О. Бидаулетова - Отырыс хаттамасын жүргізу үшін жұмыс тобының мүшесін анықтау туралы.
Үлгілік ереженің 18-тармағына сәйкес Жұмыс тобының отырысында жұмыс тобының мүшесі хаттама жүргізіп, оны жұмыс тобының басшысы анықтайды. Мемлекеттік орган өкілдері қатарынан хаттама жүргізу үшін жұмыс тобының мүшесі Г.Ж. Бердимуратованы анықтауды ұсынды.
Басқа ұсыныстар, қарсылықтар бар ма? Жұмыс тобының мүшелері бірауыздан З.Ж. Ташмағамбетованың кандидатурасын қолдады.
Жұмыс тобы ШЕШТІ: отырыс хаттамасын жүргізу үшін жұмыс тобының мүшесі Бердимуратова Гүлжаз Жолдыбекқызы белгіленсін (Бірауыздан).
4.ТЫҢДАЛДЫ:
Б.О. Бидаулетова– Алтынсарин ауданының қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерінің сандық құрамын анықтау туралы.
Заңның 9-бабының 3-тармағына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 19-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған ұсынымдарға сәйкес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер мүшелерінің саны тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халықтың жалпы санына байланысты айқындалады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның деректеріне сәйкес ескеріледі. Статистика органдарының деректері бойынша Алтынсарин ауданы халқының саны 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша - 12044 адамды құрайды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кемінде 11 адамды анықтауды ұсынды.
Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес жұмыс топтары мүшелері мен қоғамдық кеңестер құрамының жалпы санының кемінде 2/3 бөлігін (70 %) азаматтық қоғам өкілдері құрайды.
Осыған байланысты сандық құрамды 11 адам көлемінде анықтауды ұсынды. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің арақатынасы бойынша ұсыныстар бар ма?
Г.Ж. Қабиева: Арақатынасты ұсынды: мемлекеттік органдардан 2 өкіл, квазимемлекеттік органдардан – 2 өкіл, жастардан – 2 өкіл және азаматтық қоғамнан 5 адам.
Қандай мемлекеттік органдар кеңеске кіруі керек екенін анықтау үшін қоғамдық кеңестің өкілеттігін негізге алуды және «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілін құрамға енгізуді ұсынды. Коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу ішкі саясат бөлімінің тікелей функциясы болып табылады.
Б.О. Бидаулетова: Жұмыстың құзыреттілігі мен тиімділігі үшін кеңес құрамына мемлекеттік органдардың басшылары деңгейіндегі адамдарды, сондай-ақ жастар өкілін құрамға енгізуді ұсынды.
Б.О. Бидаулетова: Қорытындылады. Өкілдер бойынша мемлекеттік органдардан мынадай ұсыныстар келіп түсті: «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысын.
Үлгілік ереженің 31-тармағына сәйкес мемлекеттік органнан Қоғамдық кеңеске өкілдік конкурсты өткізбей мәслихат төрағасымен бекітіледі. Мәслихат аппаратына осы өкілдікті бекіту туралы тиісті өкім дайындауды және оны мемлекеттік органдармен келісуді ұсынды.
ШЕШТІ: Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 11 адам (мемлекеттік органдар өкілдері – 2 адам, квазимемлекеттік органдар өкілдері - 2 және азаматтық қоғам өкілдері – 5 адам, жастар өкілі – 2 адам) болып белгіленсін. (Бірауыздан).
5.ТЫҢДАЛДЫ: Б.О. Бидаулетова: – Алтынсарин ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы, конкурс туралы халықты хабардар ету күнін анықтау туралы.
Жұмыс істеп тұрған кеңестің өкілеттігі келесі жылдың 17 ақпанында аяқталатындықтан, барлық рәсімдерден өтіп үлгеру үшін конкурс туралы, Алтынсарин ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы хабарландыруды 2025 жылғы 17 қаңтарда жариялауды ұсынамын.
Хабарландыруды аудан мәслихатының ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауды ұсынды.
Хабарландыруда өтініштер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімін көрсету қажет. Үлгілік ереженің 26-тармағының талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Яғни, 2025 жылдың 31 қаңтарға дейін. Бірауыздан қолдау тапты.
Жұмыс тобы мүшелерін мәслихат аппаратының қызметкерлері әзірлеген кандидаттар бойынша өтініштер мен ұсыныстардың үлгілеріне назар аударуды, таратылған үлгілермен танысуды өтінді. Ұсынылған үлгілер бойынша ескертулер немесе ұсыныстар бар ма? Барлығы келісті.
Ол бағалау парағының үлгісін уәкілетті орган - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынғанын, жұмыс тобының барлық мүшелеріне үлгі таратылғанын, танысуды сұрағанын, түсіндіргенін, мүмкін толықтырулар бар-жоғын, кім сөз сөйлегісі келетінін сұрады.
ШЕШТІ: Әрбір үміткердің бағалау парағының нысаны қабылдансын және оны жұмыс тобының келесі отырысына қоғамдық кеңестің хатшысы Ж. Серикова дайындасын. Бірауыздан келісілді.
Б.О. Бидаулетова: – Жұмыс тобының екінші отырысын 2025 жылғы 3 ақпанда өткізуді ұсынды, онда келіп түскен барлық өтініштер мен құжаттар талқыланатын мәлімдеді.
Жұмыс тобының
басшысы Б. Бидаулетова
Отырыс хатшысы Г. Бердимуратова