Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша отырыс өткізу туралы хабарландыру
Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыстобы) мүшелерін іріктеу бойынша отырыс өткізу туралы хабарландыру «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» ММ 2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 11:00-де Обаған ауылы, Ленин көшесі, 1, 3 қабат, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша ұсыныстар келіп түскен коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды, байқаушыларды шақыра отырып, жұмыс тобын құру жөніндегі отырыс өтетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 13, 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес:
1) Жұмыс тобының бірінші отырысын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде мәслихат төрағасы жүргізеді. Жұмыс тобының келесі отырыстарын жұмыс тобының басшысы өткізеді.
2) Жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысатын азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік дауысымен жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, азамат өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
3) Республикалық деңгейдегі жұмыс тобының құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, ал жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының төрағасы бекітеді.
4) Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысы сайланады.