Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» ММ береді не электрондық поштасына жібереді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа 2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 09.00-ден 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4, жұмыс телефондары: 8(714-45) 34-165, 34-257.
Электрондық поштаның мекенжайы: altynsarmas@mail.ru
|
|
Қоғамдық кеңес туралы Нысан Кімге ______________________ |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________