Алтынсарин аудандық мәслихаты:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты хатшысының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 51өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі–Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы: 5 (бес) адам.
Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.
Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Пошталық мекенжай: «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» ММ,Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4, жұмыс телефондары: 8(71445) 34165, 34257.
Электрондық поштаның мекенжайы:altynsarmas@mail.ru
Жұмыс тәртібі:«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2024 жылғы 17 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 23 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Үлгілік ереженің 7-тармағында мыналар белгіленген:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жолдайды:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтам;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
Алтынсарин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:
Отырыс Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4, -каб. өткізіледі, жұмыс телефондары 8(71445) 34165, 34257.
|
Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ережеге 1- қосымша Форма Кімге: Алтынсарин аудандық мәслихаты органның атауы немесе жергілікті өкілді органның атауы) ______________________________ |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
______________________________________________
Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________
4) _________________________________________________________________
5) _________________________________________________________________
6) _________________________________________________________________
7) _________________________________________________________________
20___«____» ____________.Өтініш берушінің қолы _______________