Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

ХАБАРЛАМА

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2024 жылғы 10 желтоқсанында сағат 15.00-де  Обаған ауылы, Ленина көшесі 4, ZOOM платформасы арқылы сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияны жүргізетін: Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы Мусапирова Светлана Сагиндыковна.

Кезектен тыс сессия отырысының онлайн-трансляциясы  әлеуметтік желілерде жүргізіледі.

Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді:

  • Мәслихаттың «Алтынсарин ауданы ауылдық округтері мен ауылдарының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 34-2-57

Дата публикации
09 декабря 2024