Ауданның участкелік, округтік сайлау комиссияларында бар бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабына, «Участкелік сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы» «Округтік сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы» Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 8 қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты бос орындар барын хабарлайды.

Бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі төмеде жарияланған.

 Сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар саны 6 (алты).

Құрылған сайлау комиссияларына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары 2024 жылғы 14 мамыры мен 28 мамыры (қоса алғанда) аралығында қабылданады.

Көрсетілген кезеңде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер (1 қосымша).

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (2 қосымша).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатура туралы ақпарат нысандары, өтініш мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru ).

Сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар аудандық мәслихаттың аппаратында 2024 жылғы 28 мамырға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылданады.

 

Алтынсарин аудандық мәслихаты

 Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4, аудан әкімдігінің ғимараты.

Құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Сартова Ж.М. 8 (71445) 34-2-57, электрондық пошта мекенжайы  altynsarmas@mail.ru

 

                 

Құрамына өзгерістер енгізілетін Алтынсарин аудандық участкелік сайлау комиссиясының

ТІЗІМІ

 

№

 Участок номері

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

 

Вакансиялар саны

 

Участкелік сайлау комиссиялары – 2

 

1.

190

Танабай ауылы,  Урожайная көш. 3, мектеп ғимараты;

1

2.

195

Первомай ауылы, Кирова көш. 9, мектеп ғимараты;

1

 

 

Құрамына өзгерістер енгізілетін Алтынсарин аудандық округтік сайлау комиссиясының

ТІЗІМІ

 

№

 Участок номері

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

 

Вакансиялар саны

 

Округтік сайлау комиссиялары – 4

 

1.

1

Танабай ауылы,  Урожайная көш. 3, мектеп ғимараты;

2

2.

2

Ілияса Омаров атындағы ауыл, Школьная көш. 10, мектеп ғимараты;

1

3.

10

Красный Кордон ауылы, Центральная көш. 20, ауыл әкімі аппаратының ғимараты;

1

 

Дата публикации
14 мая 2024