Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Участкелік сайлау комиссияларының құрамы комисиия мүшелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес сайлансын.
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының бірінші отырысын шақыратын тұлға болып Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының сайланған төрағасы тағайындалсын.
- Мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 215 «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешімінің күші жойылсын.
- Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.