Қостанай облысы Алтынсарин аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай облысының Алтынсарин аудандық мәслихаты аумақтық және 28 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/documents/details/550670?lang=kk
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. http://law.gov.kz/client/#!/doc/4/kaz
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс. https://dot.saylau.kz/dot/
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.
Алтынсарин аудандық мәслихаты
Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы - Мусапирова Светлана Сагиндыковна.
Мәслихаттың орналасқан жері: Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4 үй, аудан әкімдігінің ғимараты.
Жауапты адам – Төлепберген Гүлдана Маратқызы, қалааралық телефон коды (8714-45), 34-2-57, сот. 8-707-404-92-09, электрондық пошта мекенжайы: altynsarmas@mail.ru
Алтынсарин аудандық мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының және 28 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Аумақтық сайлау комиссиясы: Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4 үй, «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимараты, 7 комиссия мүшесі
Учаскелік сайлау комиссиялары - 28
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
|
||||
|
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
Комиссия мүшелерінің саны |
|
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
1 |
178 |
ауылдық округ әкімінің аппараты ғимараты |
Большая Чураковка а. |
Советская |
16 |
7 |
|
|
|
2 |
179 |
мектеп ғимараты |
Новониколаевка а. |
Школьная |
6 |
5 |
|
|
|
3 |
180 |
мектеп ғимараты |
Осиповка а. |
Краснопартизанская |
14 |
5 |
|
|
|
4 |
181 |
мәдениет үйі ғимараты |
Силантьевка а. |
Ленина |
10А |
7 |
|
|
|
5 |
182 |
мектеп ғимараты |
Силантьевка а |
Омара Шипина |
1 А |
7 |
|
|
|
6 |
183 |
Жеке үй ғимараты |
Бирюковка а. |
Целинная |
1 |
5 |
|
|
|
7 |
184 |
мектеп ғимараты |
Зуевка а |
Школьная |
10 |
5 |
|
|
|
8 |
185 |
мектеп ғимараты |
Щербаково а |
Гагарина |
1 А |
7 |
|
|
|
9 |
186 |
мектеп ғимараты |
Сатай а |
Дружбы |
2 |
5 |
|
|
|
10 |
188 |
мәдениет үйі ғимараты |
Красный Кордон а. |
Парковая |
1 В |
7 |
|
|
|
11 |
189 |
мектеп ғимараты |
Свердловка а. |
Целинная |
1 |
5 |
|
|
|
12 |
190 |
мектеп ғимараты |
Танабаевское а. |
Урожайная |
3 |
5 |
|
|
|
13 |
191 |
мектеп ғимараты |
Воробьевка а. |
Школьная |
1 |
5 |
|
|
|
14 |
192 |
мектеп ғимараты |
Докучаевка а |
Алтынсарина |
10 |
5 |
|
|
|
15 |
193 |
мектеп ғимараты |
Шоқай а. |
Школьная |
16 |
5 |
|
|
|
16 |
195 |
мектеп ғимараты |
Первомай а. |
Кирова |
9 |
5 |
|
|
|
17 |
196 |
мектеп ғимараты |
Темір Қазық а |
Бейбітшілік |
9 |
5 |
|
|
|
18 |
198 |
мектеп ғимараты |
И.Омаров атындағы а. |
Школьная |
10 |
5 |
|
|
|
19 |
199 |
мектеп ғимараты |
Жанасу а. |
Лесная |
9 |
5 |
|
|
|
20 |
200 |
мектеп ғимараты |
Новоалексеевка а. |
Школьная |
1 |
5 |
|
|
|
21 |
202 |
мектеп ғимараты |
Приозерное а. |
Школьная |
15 |
5 |
|
|
|
22 |
203 |
Жеке үй ғимараты |
Кубековка а. |
Центральная |
27 |
5 |
|
|
|
23 |
204 |
мектеп ғимараты |
Обаған а. |
Пришкольная |
1А |
5 |
|
|
|
24 |
206 |
"Сосновый бор" санаториі ЖШС ғимараты |
Щербаков а, сосновый бор |
|
|
5 |
|
|
|
25 |
207 |
мектеп ғимараты |
Басбек а. |
И.Омарова |
8 |
5 |
|
|
|
26 |
871 |
мектеп ғимараты |
Большая Чураковка а. |
Почтовая |
1 |
5 |
|
|
|
27 |
872 |
БЖСМ ғимараты |
Силантьевка а. |
Ленина |
7 |
5 |
|
|
|
28 |
873 |
ауылдық округ әкімінің аппараты ғимараты |
Щербаково а. |
М.Хакимжановой |
48А |
5 |
|
|
Аудандық мәслихат