Алтынсарин аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орын туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының «Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы» 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 29 қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты № 192 участкелік сайлау комиссиясының құрамында бос жұмыс орыны бар екенін хабарлайды.

Сайлау комиссиясының құрамында барлығы  1 (бір) бос орын.

Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі 2024 жылға дейін.

Құрылған сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2023 жылғы 19 қыркүйектен 4 қазанға дейін (қоса алғанда) аралығында қабылданады.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз жеткізгіштегі белгіленген нысандағы сайлау комиссиясына кандидат туралы мәліметтер (1-қосымша);

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініші (2-қосымша).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы мәліметтердің, өтініштің нысандары мәслихаттың интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/activities/21181?lang=ru ) орналастырылған.

Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихат аппаратында 2023 жылғы 4 қазанға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылданады.

 

 

 

Алтынсарин аудандық мәслихаты

 

Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Обаған ауылы, Ленин, көш.4, аудан әкімдігінің ғимараты.

Құжаттарды жинауға жауапты тұлға: Люфт В.П. телефон 8(71445) 34-2-57 электрондық пошта мекен-жайы:  altynsarmas@mail.ru

 

Дата публикации
18 сентября 2023