Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті үшінші сессиясы 2023 жылғы 17 тамызда сағат 10.00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Обаған ауылы, Ленин көш., 4, аудан әкімдігінің ғимараты,                 2 қабат.

Кезекті сессия отырысының трансляциясы әлеуметтік желілерде жүргізіледі.

 Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселелер кірді:

аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы және басқа да ұйымдастыру мәселелері

 Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы, ауданның Қоғамдық кеңесінің қатысуымен 2023 жылғы 17 тамызда сағат               9.00-де өтеді.

Анықтама үшін телефондар:  34-2-57.

Дата публикации
15 августа 2023