«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 2023 жылғы 7 тамыздағы № 24 қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты бос жұмыс орындары туралы хабарлайды.
Құрамында бос орындары бар сайлау комиссияларының тізімі төменде жарияланады.
Сайлау комиссияларында барлығы 7 (жеті) бос орын бар.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2024 жылға дейін.
Құрылған сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2023 жылғы 9-24 тамыз (қоса алғанда) аралығында қабылданады.
Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электрондық және қағаз жеткізгіштегі белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер (1-қосымша);
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініші (2-қосымша).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы мәліметтердің, өтініштің нысандары мәслихаттың интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/activities/21181?lang=ru ) орналастырылған.
Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихат аппаратында 2023 жылғы 24 тамызға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылданады.
Алтынсарин аудандық мәслихаты
Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Обаған ауылы, Ленин, көш.4, аудан әкімдігінің ғимараты.
Құжаттарды жинауға жауапты тұлға: Люфт В.П. телефон 8(71445) 34-2-57 электрондық пошта мекен-жайы: altynsarmas@mail.ru
Құрамында бос орындары бар Алтынсарин аудандық сайлау комиссияларының ТІЗІМІ
|
№ р/н |
Участік номері |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Вакансиялар саны
|
|
Участкелік сайлау комиссиялары – 5
|
|||
|
1. |
189 |
Свердлов ауылы, Целинная көш.,1, мектеп ғимараты;
|
1 |
|
2. |
192 |
Докучаев ауылы, Алтынсарин көш., 10, мектеп ғимараты;
|
2 |
|
3. |
198 |
Ілияс Омаров атындағы ауыл, Школьная көш.,9, мектеп ғимараты;
|
2 |
|
4. |
199 |
Жаңасу ауылы, Лесная көш.,9, мектеп ғимараты;
|
1 |
|
5. |
207 |
Басбек ауылы, Ілияс Омаров көш.,8, мектеп ғимараты. |
1 |
______________________