«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, Қостанай облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 7 тамыздағы № 17/43 «Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы» қаулысына, Алтынсарин аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі 2024 жылға дейін.
Комиссияның шығып қалған мүшесінің орнына аудандық сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатураны ұсыну туралы ұсыныстарды көрсетілген комиссияның құрамына кірмейтін саяси партиялар өкілдері енгізеді.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатты ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихат басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясының мүшесін сайлайды.
Құрылған сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2023 жылғы 8 тамыздан – 23 тамыз (қоса алғанда) аралығында қабылданады.
Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электрондық және қағаз жеткізгіштегі белгіленген нысандағы сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат туралы мәліметтер (1-қосымша);
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;
4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (2-қосымша);
5) мәслихаттар сайлайтын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/624, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 31263 тіркелген қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Аудандық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттардың ұсыныстары аудандық мәслихаттың аппаратында 2023 жылғы 23 тамызға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылданады.
Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат нысандары, өтініш, біліктілік талаптары мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/activities/21181?lang=ru ).
Алтынсарин аудандық мәслихаты
Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Обаған ауылы, Ленин, көш.4, аудан әкімдігінің ғимараты.
Құжаттарды жинауға жауапты тұлға: Люфт В.П. телефон 8(71445) 34-2-57 электрондық пошта мекен-жайы: altynsarmas@mail.ru