Ауданның учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, «Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы» Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 12 маусымдағы № 21 қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты бос орындар туралы хабарлайды.

Төменде бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі жарияланады.

Сайлау комиссияларында барлығы 6 (алты ) бос орын бар.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2024 жылға дейін.

Құрылатын сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2023 жылғы 16 маусымнан 30 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы белгіленген нысандағы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

4) кандидаттардың белгiленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын құраған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық және толық емес аға-інілер мен апалар, аталар, әжелер, немерелері немесе жұбайы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз жеткізгіште ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен бекітілген және орындалған күні, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихаттың аппаратында 2023 жылғы 30 маусымға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Обаған ауылы, Ленин көш., 4.

Анықтамалар телефоны: 8(71445) 34-2-57, e-mail: altynsarmas@mail.ru

Ауданның учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының хабарламасы
Дата публикации
16 июня 2023