Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына  сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2023 жылғы 14 сәуірде сағат 15-00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Обаған ауылы, Ленин көш., 4, аудан әкімдігінің ғимараты  (2 қабат, мәжіліс залы).

 Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселелер кіреді:

  1. Мәслихаттың «Алтынсарин ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 135 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.
  2. 2023 жылы Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
  3.  Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы  № 341 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.
  4.  Алтынсарин ауданы бойынша 2023 жылға шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  5. 2023 жылға Алтынсарин аудан әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  6. Мәслихаттың «Алтынсарин аудан әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 108 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.
  7. Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомства аралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  8. Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  9. Мәслихаттың «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар және оларды құқықтық қорғау істері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 11 наурыздағы № 83 шешімінек өзгертулер енгізу туралы.

Анықтама үшін телефондар:  34-2-57.

Дата публикации
10 апреля 2023