"Алтынсарин ауданының 2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы "мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 135 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 104, 109-баптарына сәйкес әзірленді. Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты бекітілген аудан бюджетіне өзгеріс енгізу болып табылады (ҚР НҚА электрондық бақылау банкінде 23.01.2023 жылы электронды түрде жарияланған). Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14446890