Шешім № 149. Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10, 15, 20-бабтарына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясы келесі құрамда сайлансын (округтер бойынша қосымшалар №1 - №10).
  2. Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиялары сайланғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей комиссиялардың төрағаларын, төрағаларының орынбасарларын және хатшыларын сайлау жөніндегі бірінші ұйымдастыру отырысын өткізу және сайлау комиссиясының құрамы мен орналасқан жерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ұсынылсын.
  3. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы
Дата публикации
16 января 2023