«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
3.Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары және
өкілеттіктері
13.Міндеттері: негізгі міндеті мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық - талдамалық, ұйымдастырушылық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмектесу болып табылады.
1) құқықтары:
жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мәмілелер жасауға;
мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты және басқа да материалдарды сұрау және алу;
Заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына ұсынылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандарды және сарапшыларды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, соның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін басқа да іс-шараларға материалдар дайындауды жүзеге асырады;
қызмет барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді орындау.
мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың басқа органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның органдарының қарауына енгізілген мәслихат шешімдерінің жобаларын, басқа да құжаттар мен материалдарды дайындауды, орындауды және қолдауды ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асырудағы қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін ақпараттық-талдаулық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, азаматтық қоғам ұйымдарымен, мекемелерімен және қоғаммен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және мәслихат қызметі туралы қоғамды хабардар ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттарды есепке алу және мұрағаттық сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түскен өтініштерді қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамасы туралы заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында персоналды басқаруды ұйымдастыру;
мемлекеттік қызмет заңнамасын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
мәслихат аппараты мен мәслихаттың өз құзыреті шеңберіндегі қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және экономикалық жағынан қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау.
3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі мен
өкілеттіктері
4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату