Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, Обаған ауылында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 5 қазанда сағат 10.00-гешақырылады.
Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді:
- мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Отырыс ZOOM платформасы арқылы өтеді.
Қосымша ақпарат үшін нықтама телефоны: 34-2-57
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова