Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Мәслихаттың 2025  жылғы  26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алтынсарин аудандық мәслихатының «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы  26 желтоқсандағы № 170 шешіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті  тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде  2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 2861322,9 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер бойынша  – 1241901,0 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер  бойынша – 9907,0 мың теңге;

         негізгі капиталды  сатудан түсетін  түсімдер бойынша – 5315,0 мың теңге;

          трансферттер түсімі бойынша – 1604199,9 мың теңге;

         2) шығындар – 3406396,0  мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 13654,0 мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттік кредиттер  – 75688,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 62034,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

          5) бюджет  тапшылығы (профициті) – -558727,1 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –    558727,1 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы  осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алтынсарин ауданының мәслихатының төрағасы

 

 

                С. Мусапирова

 

Дата публикации
23 июля 2026