|
Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он үшінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
|
Алтынсарин аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
Баяндамашы – Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы Мусапирова С.С.;
2) жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және учаскелік полиция инспекторларының мектептермен жұмысының тиімділігі туралы;
Баяндамашы – Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Алтынсарин ауданының
білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Дильдебаев Ж.С.;
3) мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) 2026 жылы Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
Екі мәселе бойынша:
Баяндамашы – «Алтынсарин ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Павлюк Е.Б.
5) Алтынсарин ауданының 2026 жылға арналған жер комиссиясының құрамын және оның ережесін бекіту туралы;
Баяндамашы: «Алтынсарин ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Жакупов С.С.;
6) Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Баяндамашы - «Алтынсарин ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Курпебаев Е.К.;
7) Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он төртінші сессиясының күн тәртібі туралы;
Ақпараттаушы – Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы Мусапирова С.С.;
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова
|
«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бас маманы _____________ Қ. Жылқышенов
|
«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» (ММ) бас маманы
_____________ А. Құлмағанбетова |