Жамбыл аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Жамбыл аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Жамбыл аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

І. Жамбыл аудандық мәслихатының әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы бойынша:

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Базарбаевтың халықтың әлеуметтік осал жігін қолдау бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар және 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есебі;

ІІ. Жамбыл аудандық мәслихатының көліктік – логистикалық, индустриалдық, энергетикалық, тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық, су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы бойынша:

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қ.Әбсейітовтың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары және 2023-2027 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы;

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Әліпбаевтың 2023 жылғы атқарған жұмыстарының есебі, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары және 2023-2027 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы есептері тыңдалып, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.