
Жамбыл аудандық мәслихатының экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия отырысы болды. Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, жанар-жағар майдың бағалары туралы мәселелер көтерілді. Отырыс нәтижесінде мониторинг топ аудан бойынша азық-түлік нысандары мен жанар-жағар май бекеттерінің ұсынылған бағаларына тексеру жүргізетін болды. Комиссияның отырысына мәслихат хатшысы
С.М. Жұрын және тұрақты комиссияның төрағасы О.С. Тортаев және мүшелері қатысты.